star_filled
star_filled
star_filled
star_filled
star_filled
Өте қатты риза болдым 👍
Найми.кз арқылы есік орнатуға хабарландыру берген едім. Келген мастер өз ісінің нағыз маманы екен. Бір есікті өте сапалы, таза және аккуратно жасап берді. Жұмысты басынан аяғына дейін асықпай, бірақ тез әрі нақты орындады. Барлық қажетті құралдары өзімен бірге болды, жұмыс барысында бәрі профессионалды деңгейде екені көрініп тұрды.
Бағасы да өте адекватный болды, алдын ала қалай келістік — солай істеді. Ешқандай артық ақша сұраған жоқ. Ең ұнағаны — жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайды екен.
Одан бөлек, үйде басқа есіктерге байланысты ұсақ-түйек жұмыстар болып еді, соның бәрін сөзге келмей қарап, көмектесіп жасап берді 👍 Қай жерін қалай дұрыстау керек екенін де түсіндіріп айтты. Опыттары өте мықты екені бірден байқалады.
Қазіргі кезде жақсы, сенімді мастер табу қиын ғой. Сондықтан осындай адамға міндетті түрде отзыв қалдырғым келді. Жұмысын сапалы істейтін, уәдесінде тұратын, мәдениетті әрі ісіне мұқият маман екен.
Кімге есік орнату немесе жөндеу керек болса, сенімді түрде ұсынамын! 👍
Бахтияр